Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Экономиканың базалық салаларында үстеме жұмысқа екі есе жоғары көлемде төлем жасалып жатыр

Экономиканың базалық салаларында үстеме жұмысқа екі есе жоғары көлемде төлем жасалып жатыр

Астана. 9 қазан. 7kun.kz — Жұмыс берушілер экономиканың базалық салаларында үстеме жұмысқа екі есе жоғары көлемде төлеп жатыр. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова мәлімдеді деп хабарлайды inform.kz.

"Еңбекті төлеудің ең төменгі стандарттары мөлшері бойынша түнгі уақыттағы, демалыс және мейрам күндердегі жұмыс аясында Еңбек кодексін әзірлеу мен талқылау барысында көп пікір айтылды. Ұжымдық шарттар мен экономиканың базалық салаларындағы кәсіпорындарда еңбекті төлеу жүйесіне жасалған мониторинг әлеуметтік диалогтың қисындылығын көрсетті. Бүгінде олар аталған төлемді екі есе жоғары көлемде белгілеген. Ал жұмысшының айлық еңбекақысы мөлшеріне тоқталсақ, оны жұмыс берушілер қызметкерінің біліктілігіне қарай,орындалатын жұмыстың қиындығын, көлемін әрі сапасын ескере отырып белгілейді. Осы талаптар аясында 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап азаматтық қызметшілердің еңбегін төлеудің жаңа моделі енгізіліп, оның нәтижесінде олардың жалақысы орташа алғанда 30 пайызға жоғарылады», - деді министр.

Айгүл Хожантаева

Похожие материалы