Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Экономиканың қысқа мерзімді көрсеткіші 5,8 пайызды құрады

Экономиканың қысқа мерзімді көрсеткіші 5,8 пайызды құрады

Алматы. 31 шілде. 7kun.kz -  2017 жылдың қаңтар-маусымында экономиканың қысқа  мерзімдік көрсеткіші 5 пайызды құрады. Ал 2016 жылдың аталған мерзімінде көрсеткіш 0,7 пайызға кеміген болатын. Бұл туралы Ұлттық банктың баспасөз қызметі хабарлады.

Қысқа мерзімді экономика көрсетіштеріне кіретін базалық салалардың барлығында да өсім байқалды.

2017 жылдың алғашқы жартыжылдығында тау-кен өндірісі, ауылшаруашылығы және құрылыс салаларының есебінен экономика өскен. Экспорт бойынша сыртқы сауда айналымы  29,2 пайызға артты. Жылдық инфляция көрсеткіші өзгеріссіз қалды.

Еске салсақ, 2017 жылдың алғашқы жартыжылдығында ЖІӨ 10,4 трлн теңгені (өсім - 3,6%) құраған болатын. Тауар өндірісінің 6,2 пайызға, қызмет саласының 2,1 пайызға артуы экономикаға тиімді пайда түсірді. Азық-түлікке салық 4,3 пайызға көбейді.

Похожие материалы