Экономика
ЭКСПО-2017 билеттері Миландағы көрмемен салыстырғанда 4 есеге арзан
Астана. 20 қаңтар. 7kun.kz - 10,6 еуро тұратын Астанадағы ЭКСПО-2017 билеттері қазақстандық және шетел қонақтарына көрмеге келуге үлкен мүмкіндік береді. Себебі билеттер Миланда өткен көрме билеттерімен салыстырғанда 4 есеге арзан. Жалпы Қазақстанда өтетін ЭКСПО көрмесіне шетелден 2 миллионнан аса адам келеді деп күтілуде, деп хабарлайды finprom.kz агенттігі.
2015-2016 жылдары әлемде түрлі іс-шаралар ұйымдастырылды. Олар - "Евровидение-2015" әндер байқауы, Миландағы «ЭКСПО-2015» бүкіләлемдік көрмесі, Рио-2016 жазғы олимпиада ойындары және футбол бойынша Еуропа чемпионаты. Бұл оқиғалардың барлығы мәдени сипатқа ие.
Finprom.kz cарапшыларының сөзінше, мұндай іс-шараларды өткізу кезінде билеттердің 70-75%-ы жергілікті деңгейдегі бағаға байланысты сатылады, бұл басқалар үшін қолжетімді баға туралы мәселені туындатады.
Ал Астанада өтетін көрмені ұйымдасырушылар ішкі нарықтағы сұраныстың жоғары деңгейін құру үшін арнайы билет бағдарламасын бекітті. Нәтижесінде билеттің орташа бағасы 10,6 еуроны құрайды, ал Миландағы «Экспо-2015» көрмесінде билеттің орташа құны – 45 еуроны, "Евровидение-2015" байқауында – 132 еуроны, Риодағы жазғы ойындарда - 21,1 еуроны, Еуро-2016-да - 219 еуроны құрады.
Ал инфографикада әлемдік іс-шараларда билетті сату бағдарламалары қалай жасалғаны туралы ақпарат берілген: