Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

ЭКСПО-2017-де жобаларын таныстыратын 30 стартап-компания таңдалды

ЭКСПО-2017-де жобаларын таныстыратын 30 стартап-компания таңдалды

Астана. 28 қазан. 7kun.kz - NewEnergy энергетика саласындағы дүниежүзілік стартап байқауының халықаралық қазылар алқасы жеңімпаздарды марапаттады, сондай-ақ ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінде таныстырылатын баламалы энергетика және «жасыл» экономика саласындағы 30 үздік стартап-компанияны таңдады.

Таңдалған жобалардың көбісі Израильге тиесілі, ЭКСПО-2017-де энергетика саласындағы өз әзірлемелерін Eco Wave Power, Farm Dog, GreenQ, HomeBiogas, Tevva Motors Ltd, Unleash the light компаниялары ұсынады.

Жеңімпаздардың қатарына жоғары технологиялық энергия шоғырландырушы жүйелерді шығаратын қазақстандық Primus Power компаниясы да кірді. Сонымен қатар, жеңімпаздардың қатарына Ұлыбританияның (Kelda Technology, DAJIE), Үндістанның (Promethean Energy Pvt. Ltd., REConnect Energy Solutions Pvt. Ltd.) және АҚШ-тың (Volta, Inficold Inc.), Австралияның (Lightwork), Германияның (Breeze), Испанияның (ezzingSolar), Нидерландының (Sympower), Польшаның (Lerta), Ресейдің (WiseSoil), Украинаның (Ecoisme) және өзге де елдердің компаниялары кірді. Барлығы 20-дан асады.

Бұдан өзге, Қазақстанның (Smart Slip, Primus Power), Израильдің, АҚШ пен Ресейдің алты компаниясы инвесторлардың қаржылық қолдауына ие болды, соның ішінде өз стартапын дамыту үшін бизнес-менеджмент курсынан өтуге сертификат табысталды.

Еске сала кетейік, бүгін Астанада Қазақстанның Энергетика министрлігінің ұйымдастыруымен энергетика саласындағы NewEnergy стартап байқауы өтті. Оған 37 елден баламалы және жаңғыртпалы энергетика, «жасыл» экономика және smart-технологиялар саласындағы өздерінің бірегей жобаларын ұсынған 100 стартап-компания қатысты.

 

Похожие материалы