Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

"ЭКСПО-2017" көрмесі шығынын ақтады

"ЭКСПО-2017" көрмесі шығынын ақтады

Астана. 14 қыркүйек. 7kun.kz — "ЭКСПО-2017" көрмесіне жұмсалған шығынның орны толықты. Бұл туралы президент Нұрсұлтан Назарбаев Ақордада журналистерге берген сұхбатында мәлімдеді.

"Көрмеге жұмсалған қаражат көрмеге келушілер мен туристердің есебінен толықты. Мен бұрын да айтқанымдай, Астана қонақүйлері, барлық мейрамханалар, концерттік залдар мен дүкендердің саудасы жақсы болды. Осы жылы Астана бюджетіне түсім бірнеше есе артты. Кәсіпкерлер де жақсы табыс тапты. Мұның барлығы еліміздің қоржынын толықтырды",- деді.

Айта кетейік, Мемлекеттік кірістер комитетінің деректері бойынша 2017 жылдың қаңтар-тамызында ең көп салық пен төлемдер төлеген Алматы қаласы (1,1 трлн теңге), Астана (641,5 млрд теңге) және Атырау облысы (602,4 млрд теңге).

Айгүл Хожантаева

Похожие материалы