Экономика
ЭКСПО-2017 көрмесінің шығыны 22 млрд теңгеге қысқарды
«ЭКСПО» көрмесінің кешендерін салуда енді артық ақша жұмсалмайды. «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Ахметжан Есімов көрме шығынын барынша қысқартқанын мәлімдеді. Бұл туралы Zakon.kz. хабарлайды.
«Алғашқы кездегі қарастырылған қаржыдан бөлек қосымша ақша қажет болмайды. Бұдан бөлек, біз жоба құрылысын 22 млрд теңгеге қысқарттық. Бірақ нысандар толық салынады. Ол үшін жоба жасаушылар және реттеушілермен кездесік. Оларды көндіру оңай болған жоқ», - деді ол.
«Президент маған халық үшін қызықты, әрі маңызды жобаны сеніп тапсырды. Жұмыс өте көп. Ең алдымен тиімсіз, қиын құрылымды байқадым. Жағдайдан шығу үшін барлығы оңтайластырылды. Компания барынша мобильді болды, артық қосымша топтарды, топ-менеджменттерді қысқарттық. Осыған орай, парламент өзіне тиесілі тапсырманы жақсы біледі. Нәтижесінде жалақының жылдық қорынан 150 млн теңгеден аса қаржы үнемдедік. Барлық ақша және қажетті құралдар барынша тиімді пайдаланылады», - деді А. Есімов.
Компания төрағасының сөзіне қарағанда, «ЭКСПО-2017» болады. Жоба қолға алынғаннан бері түрлі жағдай орын алғаны белгілі. Сондықтан жобаға қатысты мәселе көп.
«Жобаға байланысты барлық ресурстар бар. Кесте бойынша кешіктіріліп салынып жатқан кешендер бар. Алайда көрме кешені толық аяқталады», - деді компания төрағасы.
Ал экс-төраға Талғат Ермегияевтың жемқорлығына қатысты топ-менеджер қолды болған қаржының аз еместігін, алдағы сот отырысында барлығына нүкте қойылатынын мәлімдеді. Сондай-ақ бұл тақырыпты қозғағысы келмейтінін жеткізді.