Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

ЭКСПО-2017 көрмесіне 147 миллион еуроны демеушілерден алу жоспарлануда

ЭКСПО-2017 көрмесіне 147 миллион еуроны демеушілерден алу жоспарлануда

ЭКСПО-2017 көрмесінің тіркеу құжатнамасына сай,  147 миллион еуроны демеушілерден алу жоспарлап отыр. Қазір қазақстандық және шетелдік компаниялармен 100 миллион еуроға келісімшарттар мен меморандумдарға қол қойылды. Бұл туралы «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімов Астананы дамыту мен ЭКСПО-2017 көрмесіне дайындық жөніндегі жиында айтты, деп хабарлайды "Атамекен"  ҰКП баспасөз қызметі.

«Бұрын қабылданған шараларға қосымша бюджеттік шығынды оңтайлы жұмсау үшін осындай жұмыстар атқарылып жатыр. Ол радиобайланыс,  кеңсе техникасы, тексеру құрылғыларын орнатуға аутсорсинг тартуға қатысты болып тұр», – деді Есімов. Оның айтуынша, осының бәрі дайындыққа кері әсерін тигізбеуге, шараны өткізу сапасына әсер ететін қаржыны үнемдеуге үлкен көмек.

Дегенмен, Есімов ұлттық компанияның қаржылық қиындығы бар екенін де атап өтті. «2015 жылғы шілдеде жасалып бітуі тиіс жобалық-сметалық құжатнаманың жоқтығынан қиындықтар туып жатыр. Бас жоспарлаушы ол құжатнаманы осы айдың соңында беруге уәде беріп отыр. Алайда, бас мердігер компаниялармен бірлесе отырып жедел шешімдер қабылдап, бұл жағдайдың құрылыс екпініне әсер етпеуіне бар күшімізді салып жатырмыз», – деп баяндады Есімов.

Қазақстандық тауар өндірушілердің қатысу көлемін есептей келе Есімов көрменің құрылысына «256 отандық компания» қатысып отырғанын хабарлады. 35 млрд теңгеге  келісімшарттар жасалып, 30 мың адам жұмысқа тартылып, көрсетілген қызмет ауқымы мен жеткізілген тауар мен материалдар ақысы 255,8 млрд теңгеге шығып отыр. «Аталған шаралардың жүргізілуі – көрменің жобасы нағыз дағдарысқа қарсы жасалып жатқан шаруа екенін дәлелдейді», – деді Есімов.

83 ел мен 14 халықаралық компания ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысатынын растаған. Көрмеге 5 миллион адам келеді деп күтілуде, оның 85%-ы қазақстандықтар болмақ.

Похожие материалы