Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

«ЭКСПО-2017» көрмесінің халықаралық PR-ымен кім айналысады?

«ЭКСПО-2017» көрмесінің халықаралық PR-ымен кім айналысады?
Бізге оқырмандарымыздың бірі осындай сауал жолдады. Сірә, осы айдың басында осы тақырыпта әлеуметтік желіде, артынан  БАҚ-да шыққан "дауға" жауап әлі іздеп жүрсе керек. Түсінікті болу үшін сол мәселеге қайта оралайық. Мамырдың басында қазақстандық бірқатар БАҚ «ЭКСПО-2017» көрмесінің PR-ы үшін ресейлік «Михайлов и партнеры»  $3,5 млн доллар алатын болды деп жазған еді. БАҚ-тың аузына бұл мәселені салып берген Қазақстанның блогерлер альянсының президенті Ғалым Байтұқ. Бұл туралы Facebook-те жазған ол 3,5 млн долларлық  конкурстың «бір көзден» өткізілгенін, «Михайлов и партнеры» үш лот бойынша: «Экспо-2017» арнайы халықаралық көрмесін Давостағы Дүниежүзілік экономикалық форумға қатысуын қамтамасыз ету, көрмені шетелдерде насихаттау, көрмені қазақстандық әншілердің қатысуымен насихаттау» ұтып алғанын жазған. «Бір көзден» ұтып алуға наразы болған ол «дағдарыс кезінде Қазақстанның қыруар ақшасы оңға-солға шашылуда» деген ол Ресейге дамыған елдерде «байкот» жарияланғанын,  халықаралық имиджді сеніп беруге болатыны тиімсіз әрі «Михайлов и партнеры» компаниясының Ресейде беделі төмен деген пікір білдірген болатын. Бұған жауап берген Ұлттық компания тарапы болса халықаралық шара үшін миллиард теңгенің қалыпты екендігін мәлімдеді. «...Біреудің іш киімін терең зерттеуді ұнататындарға айтарым: уақытыңыз бен күшіңізді құртпаңыз, «Астана ЭКСПО-дан» ақша күтпеңіздер, одан да пайдалы іспен айналысыңыз», деп жауап берді «ЭКСПО-2017» АҚ қоғаммен байланыс департаментінің бастығы Сергей Куянов Zakon.kz сайтына. Ол сондай-ақ, стратегиялық серіктестің «Михайлов и Партнёры» емес, «Burson-Marsteller» халықаралық агенттігі екендігін және бұл қызметті қазақстандық компанияға беруге дайын екендіктерін, алайда, халықаралық дәрежеде қызмет көрсететін, шетелдік БАҚ-пен тікелей келісім-шарты бар компания жоқтығын айтты. 3,5 млн доллардың халықаралық нарықта тым қомақты сома еместігін, мамандардың әлемдік деңгейдегі бағаны жақсы білетіндігін, ал «Михайлов и Партнёры» компаниясының беделінің бұған қатысы жоғын, егер шарттағы жұмысты орындаса төленетінін, орындамаса тиын да алмайтынын да қадап айтты. Ал, «Экспо-2017» АҚ дамыту және туризм департаментінің директоры Ален Шайжүнісовтың айтуынша Burson-Marsteller әлемнің 98 елінде 67 кеңсесі, 71 өкілдігі бар халықаралық компания. The Holmes Report халықаралық рейтингі бойынша әлемдегі ең үздік 5 PR агенттік құрамына кіреді. Ал, «Михайлов и Партнёры» бұл компанияның ТМД елдеріндегі серіктесі болып табылады. Burson-Marsteller шынымен алпауыт. Бұл компания тек Астанадағы емес, «ЭКСПО Дубаи-2020» көрмесін де алға жылжыту бойынша қызмет көрсетеді.  

Похожие материалы