Астана. 5 сәуір. 7kun.kz – ЭКСПО-2017 көрмесінде Қостанай облысында жасалған "Jack" сериялы 12 электромобиль ұсынылады. Бұл туралы орталық коммуникация қызметінің брифингінде Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов мәлімеді.
«Президент жолдауында машина құрастыру және "Jack" автомобилдерін өндіруге баса назар аударуды тапсырды. Сол үшін біз индустриалды аймақ салып жатырмыз. Онда авто құрылғыларын жасайтын бірнеше зауыт орналасады. Басты мақсат – локализацины 50 пайызға дейін көбейту», - деп атап өтті А.Мұхамбетов.
Облыс әкімінің айтуынша, 2017 жылы алғашқы құрылыс аяқталып, 2018 жылға таман екіншісі басталады. Оған 3- 4 млрд теңге бөлінеді. Қазіргі уақытта 12 "Jack" автокөліктері шығарылды. Олар ЭКСПО-2017 көрмесінде ұсынылады.