Халықаралық EXPO көрмесіне қатысты дайындық жұмыстарына "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясы $886 млн (164,3 млрд тенге) жұмылдырды.
Негізінен инвестициялар тұрғын үй және қонақ үй кешендерін, ойын-сауық-сауда орталықтарын салуға бағытталды.
Бұл ретте шетелдік инвестиция соммасы 37,98 млрд теңге болды. Осылайша, "Шанг Хи Груп" ЖШС қытайлық компаниясы EXPO-ға қаражат жұмылдырды - көп функционалды кешенді қаржыландыру және салу. Сонымен қатар ұлттық компаний қонақ үй кешені бойынша Оңтүстік Корея инвесторларымен келіссөздер жүргізуде.
Төрт отандық ұйым салымдарының жалпы соммасы - 49,3 млрд теңге. Мына компаниялармен инвестициялық шарттар жасалынды: «МагАстана-Транс» - 5,6 млрд теңге соммасына көп функционалды тұрғын үй кешенін қаржыландыру және салу, «Designkonzept Jordan Kazakhstan» - 3,7 млрд теңге соммасына қонақ үй кешенінің жобасы бойынша.
Сонымен қатар тұрғын үй жылжымайтын мүлік құрылысына 20 млрд теңгеден «Базис-Комфорт» пен «BI EXPO CITY» инвестиция жасайды. Бұған қоса, "Бәйтерек" ұлттық холдингі арқылы 77 млрд теңге соммасына тұрғын үй жылжымайтын иүлігі мен көп функционалды ойын-сауық сауда орталығының құрылысы жүргізілуде.
Ақпарат көзі: lsm.kz