Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

ЭКСПО-да құлаған құрылыс бөлігі (хронология)

ЭКСПО-да құлаған құрылыс бөлігі (хронология)

Не болды?

2016 жылғы 16 қарашада 13.10-да EXPO-2017 аумағында декоративті көпір орналасқан құрылыс бөлігі құлап қалды. Компанияның қоғаммен байланыс департаментінің директоры Сергей Куянов жасаған мәлімдемесінде оқиға себептері белгісіз екенін, бірақ құрылыс бөлігі қайта қалыпқа келтірілетінін айтқан. Оның мәлімдеуінше, ұлттық компаниядағылар ғимаратты әзірше пайдалануға қабылдамағандықтан, бұл мәселені енді мердігерлер өз қаражатына қайта қалпына келтіруі тиіс.

https://www.youtube.com/watch?v=SWPu__NoaX4

Кейіннен опырылып қалған құрылыс бөлігін салып жатқан мердігер - BI Group компаниясы EXPO-2017 аумағында болған төтенше жағдайға қатысты мәлімдеме жасады. Компанияның баспасөз қзыметі құрылыстың опырылу себептері анықталып жатқанын, бұл жобаның бас мердігері - BI Group холдингінің еншілес кәсіпорны екенін айтты. Жоба басшысы Ибрагим Жекеевтің айтуынша, көпір құрылысы қатты бүлінбеген.

Зардап шеккендер бар ма?

Мердігер BI Group компаниясы болған оқиғадан ешкім зардап шекпегенін мәлімдеген еді. Бірақ Астана қалалық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіндегілер EXPO аумағында болған төтенше жағдайдан Қазақста н азаматы, 26 жастағы ер адамның ауруханаға жеткізілгенін хабарлаған. "Ол EXPO нысандарының бірінде өндірістік жарақат алды."№1 қалалық аурухана тізе жарақатымен жеткізілді", - деді ведомстводағылар.

b9e0e1b78cc7f93955fe999fbc9e151a_lКуәгер көзімен

Куәгер EXPO-2017 аумағында болған төтенше жағдайдың мән-жайын айтып бергені туралы ақпарат шықты.  Көрме кешеніндегі павильондарда жұмыс істеп жүрген лифт компаниясының қызметкері Николай Костенко төтенше жағдай болмай тұрып 2 минут бұрын кетіп, аман қалған. Журналистерге берген сұхбатында ол болған оқиғаның мән-жайын айтып берді.

"Төтенше жағдай С 1-3 пен С1-4 павильондарының арасында болған. Олардың арасында шыныдан салынған көпір орналасқан еді. Енді сол көпір бүгін опырылды. Мына жағдай болмас бұрын кетіп қалғаным жақсы болыпты. Мен павильонға кірген соң ғана жер сілкінісі болғандай дыбыстарды естідім", - деді куәгер.

https://www.youtube.com/watch?v=gTbzSzUnXk4
Құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатқан мердігер - BI Group холдингі құрылыс бөлігінің құлап қалу себебі анықталып жатқанын мәлімдеген. Жаңа ақпарат шықса деректерді жаңартып отырамыз.  

Похожие материалы