Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

ЭКСПО көрмесіне жұмсалатын қаржы 78 млрд теңгеге дейін қысқарады

ЭКСПО көрмесіне жұмсалатын қаржы 78 млрд теңгеге дейін қысқарады
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өткен Ақордадағы жиында  «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компанияның басқарма төрағасы Ахметжан Есімов осылай деп мәлімдеді. Бұл туралы Ақорда баспасөз қызметі хабарлайды.  Атап айтқанда, компанияның құрылымын өзгерту барысында топ-менеджерлерді қысқарту арқылы 150 млн теңге үнемделді. Сондай-ақ кейбір архитектуралық-құрылыс нысандарына қатысты шешімдерді қайта қарап шығудың есебінен жұмсалатын қаржы көлемі 78 млрд теңгеге қысқарады. "Қазақстандық еңбек күшін көбейтіп, отандық кәсіпкерлерді тарту арқылы да қаржы үнемдеу көзделіп отыр. Үнемделген ақшаны тиімді пайдалануға баса назар аударылады. 10 аймақпен әріптестік туралы меморандумдарға қол қоюдың нәтижесінде құрылысқа 20 мыңнан артық жұмысшысы бар 20 отандық кәсіпорын тартылды. 30 млрд теңгеге тапсырыс жеткізу жүзеге асырылды, - деді А.Есімов. Оның айтуынша, қазір көрмеге қатысуға 53 мемлекет пен 11 халықаралық ұйым келісім берген.

Дәурен Өмірәли

Похожие материалы