Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Экспорт көлемі 30 пайызға өсіп, 48,3 млрд долларды құрады

Экспорт көлемі 30 пайызға өсіп, 48,3 млрд долларды құрады
Алматы. 3 мамыр. 7kun.kz - 2013-2017 жылдар аралығында Қазақстанның жалпы экспорт көлеміндегі өңдеу өнеркәсібі экспортының үлесі 23 пайыздан 32 пайызға дейін өсті. Бұл туралы Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек Үкімет отырысында мәлімдеді деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.  Министрдің айтуынша, Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 25 пайызға артып, 69,5 миллиард долларды құрады. Экспорт 30 пайызға өсіп, 48,3 млрд долларды, импорт 15,5 пайызға артып, 29,3 млрд долларды көрсетті. «Биыл экспорттың оң тенденциясы сақталып келеді. 2018 жылдың 2 айындағы деректер бойынша экспорт 8,8 млрд АҚШ долларынан асты. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 27,4 пайызға артық. Яғни, 6,9 млрд АҚШ долларын құрады», - деді Жеңіс Қасымбек. Экспортты ілгерілету үшін Мемлекет қаржылай және сервистік көмек көрсетеді. «2010-2017 жылдары экспорттаушыларды қаржылық-сақтандыруға 112,6 млрд теңгеден астам сомада қолдау көрсетілді. Олар сондай-ақ, экспорттық саудалық қаржыландыруға 14,7 млрд теңге және экспорт алдынғы қаржыландыруға 5 млрд теңге көлемінде қолдау алды. Жыл сайын 40-тан астам экспорттаушы қаржылай қолдауға ие болады. Ал, сервистік қолдау көрсету аясында 2010-2017 жылдары 2 млрд АҚШ долларынан астам сомаға 1 800 өндіруші экспорттық келісімшарт жасасты. 204 экспорттаушының 1,6 млрд. теңге көлеміндегі (2017 - 280 млн. теңге) шығыны өтелді. Жыл сайын 400-ден астам экспорттаушы сервистік қолдау алады», - деп атап өтті министр. «2017 жылы сыртқы нарыққа «Нива», «Peugeot» автокөліктері, күн панельдері, газ қазандықтары, патрондар, рельстер, пос-терминалдар, құрғақ бие сүті сияқты сегіз жаңа өнім шығарылды», - деп қорытындылады Жеңіс Қасымбек.  

Похожие материалы