Экстремизммен айналысқандарды азаматтығынан айыру туралы бастама үкіметке ұсынылды. Бұл туралы мәдениет және спорт министрлігіндегі дін істері комитетінің төрағасы Ғалым Шойкин мәлімдеді.
«Біз мемлекет басшылығына жақсы бастама көтердік. Мұны қолдап, қолдамайтыны жақында белгілі болады. Біз дұрыс ұсыныс енгіздік», - деді ол. 2015 жылдың соңында мемлекет сыртындағы террористік әрекетке қатысқандарды азаматтықтан айыру туралы ұсыныс Ресей Мемлекеттік думасына жіберілген еді.
Осыған ұқсас заң Әзірбайжанда талқылауға ұсынылған болатын. Көктемде дәл осындай заңды Нидерланды үкіметі де мақұлдады.