Алматы. 4 қыкүйек. 7kun.kz – Қазақстан Президентіне Алматы қаласының индустриялық аймағындағы жұмыс нәтижелері мен оны дамытудың перспективалық жоспарлары жөнінде мәлімделді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.
Нұрсұлтан Назарбаев жоғары технологиялы ток өткізгіш кабель өнімдерін шығаратын «КМК Investment» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өндірістік циклімен, сондай-ақ дайын өнім үлгілерімен танысты.
Кәсіпорын жұмысшыларымен әңгімелескен Елбасы өндірісте еуропалық сапаға сай бәсекеге қабілетті өнім шығаруға мүмкіндік беретін заманауи технология мен құрылғылар қолданудың маңыздылығын атап өтті.
Мемлекет басшысы «Tokyo Rope Almaty» жауапкершілігі шектелу серіктестігінің зауытында металл габион торын жасайтын автоматтандырылған өндіріспен танысып, дайын өнім үлгілерін көрді.