Қазақстан уран өндіретін шетелдің жетекші компанияларымен серіктес болуы тиіс. Бұл жөнінде елбасы Нұрсұлтан Назарбаев "Қазатомпром" ұлттық компаниясының басшысы Нұрлан Қаппаровпен кездесу барысында айтып өтті.
Сонымен қатар, мемлекет басшысы уран өндіруге бақылау орнату керектігін және уран өндірісі әлемдік нарықта өте маңызды рөл ойнайтындығын ескерте кетті.
Нұрлан Қаппаров болса, Елбасына компанияның трансформациялау бағдарламасының жұмыс барысын және оның жаңарған даму стратегиясын таныстырды, сондай-ақ жалпыәлемдік уран өндірісі көлемінің 40% -ы Қазақстанға тиесілі екендігін де айтып өтті.
"Компанияның басты мақсаттарының бірі - ядролық отын жеткізу аумағында жетекшілердің біріне айналу. Жаңа стратегия халықаралық кеңесшілердің қатысуымен жасалған әрі инвестициялық қызметтің тиімділігін арттыруға бағытталған", - дейді Нұрлан Қаппаров.