Алматы. 5 қазан. 7kun.kz – Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жер және жылжымайтын мүлік объектілері туралы бірыңғай ақпараттық дерекқор әзірлеуді тапсырды.
«Жер қатынастары мен құрылыс саласындағы бюрократтық рәсімдер жұртшылықты мазалайтын мәселелердің бірі болып саналады. Бұл салада ашықтық жоқ, халық пен бизнес ақпаратқа толық қол жеткізе алмай отыр. Жер қоры мен жылжымайтын мүлік нысандары туралы мәліметтердің бірыңғай ақпараттық базасын жасауды тапсырамын. Осы мәселе бойынша тәртіп орнатып, жерді нақты инвесторларға беру керек!.», - деді ол. Мемлекет басшысы алпы, 2019 жылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің 80 пайызы, ал 2020 жылы кемінде 90 пайызы электронды форматқа көшірілуге тиіс екендігін айтты. «27 жыл бойы жүрдік, басшылар жерді басып алып, ештеңе істемеді. Бас прокурор Қайрат Қожамжаровқа тағы бір рет қарауды тапсырамын. Астанада құрылыс салғысы келеді, жер бар, бірақ бермейді", - деп түйіндеді Н.Назарбаев.