Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Елде 1,2 млн автокөлік есепке алынды

Елде 1,2 млн автокөлік есепке алынды

Алматы. 30 желтоқсан. 7kun.kz — Қазақстанда тіркелген әрбір төртінші автокөлік 2019 жылы иесін ауыстырды. Бұл туралы Қазақстанның автобизнес қауымдастығы хабарлады.

Жалпы, ведомство мәліметтері бойынша, 2019 жылдың 11 айында барлық типтегі 1,2 млн көлік құралы есепке алынды - өткен жылмен салыстырғанда 8%-ға көп. Бұл ретте соңғы бес жылдағы айлық рекорд қазан айында тіркелді -120,1 мың машина.

"2019 жылдың 1 қарашасындағы жағдай бойынша Қазақстанда 3,7 млн жеңіл авто (1 мың адамға 200 бірлік) тіркелді. Елімізде тіркелген әрбір төртінші автокөлік өз иесін осы жылы өзгертті", – деп атап өтті қауымдастық.

Сонымен қатар, жеті жасқа дейінгі премиум-брендтердің автомобильдерін сату үлесіне барлық ресімдеу санының 2%-нан кемі тиесілі болды. Тіркеу және қайта тіркеудің жартысына жуығы Lexus маркасымен байланысты. Осы маркалы 5,6 мың автомобиль жаңа нөмірлерге ие болды, олардың 1,4 мыңы - LX 570 моделі. Екінші орында – Mercedes-Benz – 2012 жылы шығарылған 2,4 мың автокөлік алғашқы және қайта тіркелді. 1,5 мың сатылымы бар BMW бренді үздік үштік қатарына енді, оның үштен бірі - жаңа.

2019 жылы елге 14 Mercedes-Maybach люкс автомобилі, Bentley-дің 12 кроссовер, седан және купесі, 12 Tesla электромобильі, үш Maserati, екі Lamborghini спорткары және бір Rolls-Royce және Aston Martin көлігі әкелінген.

Жалпы тіркеулерге келетін болсақ, Toyota тіркеу саны бойынша көш бастап тұр - 182,1 мың дана (оның 14 мыңы алғашқы тіркеуге келеді). Екінші орында - Lada (VAZ) - 162,4 мың автомобиль (13 мың автокөлік алғаш рет есепке алынды). Үшінші орында Volkswagen бренді иеленді - 84,9 мың тіркеу (1,6 мыңы - алғаш тіркелген автокөлік).

Сондай-ақ, Mercedes-Benz (83,7 мың бірлік) және Audi (62,7 мың бірлік) автомобильдері белсенді түрде қайта сатылады. Hyundai алғашқы нарыққа (13,4 мың бірлік) енуінің арқасында бесінші позицияға орнықты - 50,3 мың тіркеу.

Аймақтар бойынша Алматы облысы көш бастап келеді, мұнда қаңтар-қараша айларында 171 мың көлік құралы тіркелген. Екінші орында - Алматы (151,5 мың бірлік). Үздік үштікті Түркістан облысы аяқтайды - 105,3 мың бірлік.

Похожие материалы