Алматы. 18 желтоқсан. 7kun.kz — Қазақстанда 2019-2020 жылдары 16 млрд теңгеге уақытша өтемдік тариф бекітілді. Бұл туралы Табиғи монополияларды реттеу комитетінде хабарлады.
Органның мәліметі бойынша, уақытша өтемдік тариф шығын баптарын, бекітілген тарифтік сметаны орындамағаны үшін, сондай-ақ амортизациялық аударымдар қаражатын және бекітілген инвестициялық бағдарламаның іс-шараларын мақсатсыз пайдаланғаны үшін бекітіледі.
Комитеттің хабарлауынша, 2018 жылы бекітілген тарифтік сметалар мен инвестициялық бағдарламалардың орындалуын талдау нәтижелері бойынша Қарағанды облысы ең кінәлі болды. Бұл аймақта барлық қызмет түрлері үшін өтемақы тарифтерінің ең жоғары мөлшері тіркелді.