Экономика
Елдегі депозитінің 78%-ы шетел валютасымен салынған
Тамыз айының қорытындысы бойынша, Қазақстан депозитінің шетел валютасымен салынған көрсеткіші 78% болды. Бұл туралы Ranking.kz сараптама қызметі хабарлады.
Жеке тұлғалардың мерзімді және шартты депозиттерінің жалпы портфелі 4,57 триллион теңгенің құрады. Оның 3,56 триллионы шетел валютасымен салынған.
Шілде айына қатысты шетел валютасымен салынған депозиттердің салыстырмалы көрсеткіші 73,32%-дан 78,1%-ға дейін өскен. Қазақстанның барлық аймақтарында шетел валютасына өткен салымшылыр тіркелді.
Шетел валютасымен депозитке қаржы салғандардың көпшілігі Алматы қаласының тұрғындары. Олар -29,2% құрады. Нарықтағы салымшылардың 45,7%-ы алматылықтардың үлесінде. Бұл бір ай бұрын 42,3% болған еді.