Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

«Елдегі саяси жүйе Батыс елдерінің формасына бет бұрды» – Бауыржан Бабажанұлы

«Елдегі саяси жүйе Батыс елдерінің формасына бет бұрды» – Бауыржан Бабажанұлы

Қазақстан демократияның даңғыл жолына түсе бастады. Халықаралық Turkystan газетінің бас редакторы Бауыржан Бабажанұлы осылай дейді.

– Менің ойымша, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен енді елімізде президенттің тек 1 мерзімге сайланатын болғаны өте дұрыс қадам болды. Жаңа өзгеріске қарасақ, басшы 7 жыл ғана билікте отырады. Екінші рет қайта сайлана алмайды, оған толықтай тосқауыл қойылған. Бұрын президентке 2 кезеңге сайлануға мүмкіндік берілетін, демек, билігінің мерзімі 10 жылға созылып кететін. Ал 2 мерзімге сайланып, елді 10 жыл басқарған адам осы уақыттың ішінде барлық ресурсты қолына алып үлгеріп қалатыны айтпаса да белгілі. Біз 30 жылдың ішінде мемлекеттің екінші президентіне әрең жеткеніміз жасырын емес. Егер осы жаңа үрдіс сақталып қалса, алдағы айналдырған 28 жылдың ішінде 4 президентті ауыстырады екенбіз. Өзінің билігі белгілі бір дәрежеде халықтың алдында шектеулі екенін сезген басшы артық іске бармайды, елінің қамын жасауға тырысып, заңсыздықтан аулақ жүреді. Яғни, біздегі саяси жүйе осыған дейін жұрт тамсанып, көп айтатын Батыс елдерінің формасына бет бұрғанға ұқсайды.

Билік елдегі бір адамның қолына ұзақ тұрақтамай, әділ сайлау арқылы ауысып отырса, қоғамда үлкен сенім пайда болып, заңсыздық азайып, әділетті жүйеге көшеріміз анық. Мұндай мемлекетте алға жылжу, ой еркіндігі мен сөз еркіндігі болады. Билігі әрбір азаматтың пікіріне құлақ асып үйренеді, халықтың келісімінсіз өз еркімен әрекет жасамайды. Сондықтан президентті 1 мерзімге ғана сайлау үдерісіне көшу – елдің демократияның даңғыл жолына түсе бастағанын аңғартады. Келешектен күтеріміз көп, үмітіміз мол. Халықтың көңілінен шығатын оң істер атқарылып бастағанына куә болып отырмыз. Оның бәріне әділдік арқылы ғана жететініміз даусыз дүние. Ең бастысы, сенімге селкеу түспесін деп тілейміз.

Похожие материалы