Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Электрэнергетика саласына 178 млрд теңге бөлінеді

Электрэнергетика саласына 178 млрд теңге бөлінеді

Қазақстанның электроэнергетика саласына 178 млрд теңге инвестиция салынбақшы. Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде Парламент мәжілісінің депутаты Асхат Бекенов мәлімдеді.

"Біздің артық электрэнергияны Қытайға экспорттауға толық мүмкіндігіміз бар. "Нұрлы жол" бағдарламасын іске асыру барысында Шығыс Қазақстанды қамтамасыз етуге және осы желі бойынша Синьцзян-Ұйғыр автономиялық округіне экспорттауға қосымша мүмкіндік туады. Екібастұз жылу станциясын модернизациялауды аяқтағаннан кейін жыл сайын 800 кВт электрэнергиясын тасымалдай аламыз",-деді ол. Мәжілісменнің сөзінше, соңғы 6 жыл ішінде электрэнергияға салынатын инвестиция көлемі 5 есе өскен.

Айта кетейік, мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауындағы тапсырмасы бойынша, электрмен жабдықтауды арттыру үшін Екібастұз-Семей-Өскемен-Ақтоғай-Талдықорған-Алматы бағыттарында жоғары вольтты желі салынуы қажет.

 

Похожие материалы