Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Елімізде 6 айда 21 056 ғимараттың құрылысы аяқталды

Елімізде 6 айда 21 056 ғимараттың құрылысы аяқталды

Алматы. 16 шілде. 7kun.kz – 2018 жылдың 6 айында Қазақстандағы құрылыс жұмыстары мен қызметтерінің көлемі 1263,6 млрд теңгені құрады, бұл 2017 жылдың дәл осы кезеңімен салыстырғанда 3,8 пайызға көп, деп хабарлайды ҚР Ұлттық экономика министрлігінің статистика комитеті.

Есепті кезеңде әсіресе автомагистраль, көше, жол, темір жол, көпір мен жерасты жолын салу жұмыстары көп атқарылған, оның жалпы көлемі 317,8 млрд теңгені құрады. Ал, инженерлік құрылыстар - 203,1 млрд, өнеркәсіптік ғимараттар - 142,3 млрд, тұрғын үй - 138,8 млрд, тау-кен және қайта өңдеуші өнеркәсіп ғимараттарының көлемі - 105,7 млрд теңге болды.

Құрылыс-монтаж жұмыстарының көлемі 2017 жылдың қаңтар-маусымымен салыстырғанда 1,8 пайызға азайған. Оның көлемі - 1063,9 млрд теңге. Дегенмен, күрделі және ағымдағы жөндеу бойынша жұмыстар көлемі тиісінше 41 және 60,3%-ға ұлғайған.

2018 жылдың қаңтар-маусымында 21 056 ғимараттың құрылысы аяқталды. Оның ішінде 19 760 ғимарат - тұрғын үй. Жыл басынан бері 17 мектеп, 41 мектепке дейінгі мекеме, 1 аурухана және 2 амбулаториялық емхана пайдалануға берілген.

Похожие материалы