Алматы. 13 ақпан. 7kun.kz – Республика экономикасында 2019 жылғы қаңтарда, бағалау бойынша 8,7 млн адам жұмыспен қамтылды, - деп хабарлайды ҚР ҰЭМ Статистика комитеті.
Жұмыспен қамтылған халық арасындағы жалдамалы қызметкерлер саны аталған кезеңде 6,6 млн адамды (жұмыспен қамтылғандардың жалпы санынан 76,1%) құрады.
2018 жылғы IV тоқсан деректері бойынша өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың жалпы санынан жұмыспен нәтижелі қамтылғандар үлесі 90,9%, жұмыспен нәтижесіз қамтылғандар – 9,1% құрады.
2018 жылғы қаңтарда жұмыссыздар саны, бағалау бойынша 442,5 мың адамды, жұмыссыздық деңгейі 4,8% құрады. Жұмыспен қамту органдарында 2019 жылғы қаңтарда айының соңында 111,0 мың адам ресми тіркелген. Тіркелген жұмыссыздар үлесі жұмыс күші санының 1,2%-ін құрады.