Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Елімізде алғаш рет еуропалық үлгідегі жол қауіпсіздік белгілері қойылды

Елімізде алғаш рет еуропалық үлгідегі жол қауіпсіздік белгілері қойылды

Алматы. 24 мамыр. 7kun.kz — Жамбыл облысында республика бойынша тұңғыш рет еуропалық үлгідегі күн сәулесінен қуат алып, түнгі мезгілде жанып тұратын жарық сигналдары (катафоттар) және «KAZAUTOZHOL» логотипі бар белгі беру бағаншалары орнатылды. Бұл туралы  «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ  баспасөз қызметі хабарлады.

«Көліктердің қауіпсіз қозғалысын арттыру мақсатында Еуропалық үлгідегі жаңа белгілері Жамбыл өңіріндегі А2 «Алматы-Ташкент-Термез» автожолы «Тараз қаласы айналма жолы» учаскесінің 484 шақырымында, «Күйік асуын айналып өту» жолының 556 км, Нұрлыкент елді мекенінің тұсындағы 567 шақырымында (көліктердің кері бұрылу жерінде) қойылды. Жаңа үлгідегі жол белгілері қараңғы мезгілде жол жиегін жарықтандырумен қатар, жүргізушілердің жол қозғалысы жағдайына назарларын аударып жыпылықтап тұрады», - делінген баспасөз хабарламасында.

Мамандардың айтуынша, аталмыш шаралар жүргізушінің жол қозғалысы жағдайына жеңіл бейімделуіне және апаттың алдын алуға үлес қосады.

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ болашақта қауіпсіз қозғалысты қамтамасыз ететін мұндай жол белгілерін халықаралық дәліздер мен республикалық маңызы бар жолдарға орнатуды жоспарлап отыр.


Похожие материалы