Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Елімізде белсенді жұмыс істейтін шағын компаниялар саны қанша?

Елімізде белсенді жұмыс істейтін шағын компаниялар саны қанша?

Алматы. 24 сәуір. 7kun.kz – 2019 жылдың наурыз айының соңына қарай шағын белсенді компаниялардың саны 37,3 мыңға жетті, - деп хабарлайды Ranking.kz.

Шағын бизнес сауда секторының негізін құрайды: белсенді кәсіпорындардың жалпы санынан шағын белсенді кәсіпорындардың үлес салмағы 98,6%-ға жетеді.

Айта кету керек, 2019 жылдың сәуіріне дейін сауда саласында ірі және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 532 компанияны құрады.

Сауда секторының өсу әлеуеті өте үлкен. Естеріңізге сала кетейік, 2018 жылдың IV тоқсанында шағын кәсіпорындардың көтерме және бөлшек саудада өнім сатудан және қызмет көрсетуден түскен табысы 5,4 трлн теңгені құрады, бұл ретте жылдық өсім бірден 44,9%-ға жетті. Осыған ұқсас кезеңде жыл бұрын табыс сомасы 3,7 трлн теңгені құрады.

Салыстырар болсақ, саланың ірі және орта кәсіпорындарының табысы өткен жылдың соңғы тоқсанында 2,6 трлн теңгені құрады — өткен жылмен салыстырғанда 30,6%-ға артық.

Нарықтың әлеуеті инфляция деңгейінен жоғары сатылым көлемінің өсуімен де байқалады. Осылайша, көтерме сауда көлемі 2019 жылдың қаңтар-наурыз айларында 4,7 трлн теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 14,6%-ға көп. Көтерме сауда құрылымында ең үлкен үлесті азық-түлік емес тауарлар мен өндірістік-техникалық мақсаттағы тауарлар алады — 78,7% (3,7 трлн теңге).

2019 жылдың І тоқсанында бөлшек сауда көлемі 2,2 трлн теңгеге жетті, 2018 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 11,4%-ға артық . Бұл ретте азық-түлік емес тауарлар саудасының көлемі 1,5 трлн теңгені құрады, үлес салмағы — 68,2%.

Похожие материалы