Алматы. 16 тамыз. 7kun.kz – Қазақстанда биыл өткен жылмен салыстырғанда газ тарифі қымбаттады, деп хабарлайды energyprom.kz.
2018 жылдың шілдесінің қорытындысына сәйкес, газ тарату желісі бойынша жеткізілетін табиғи газдың бағасы бір жылда 8,2% өскен. ҚР-ның ірі қалалары мен мегаполистері арасында газ тарифінің өсімі Тараз (19,9%) бен Ақтөбе (18,1%) қалаларында аса қатты байқалған. Таразда газ тарифі бір текше метр үшін 23 теңгеден 25 теңгеге өскен, ал Ақтөбеде 8 теңгеден 10 теңгеге бірақ көтерілген.
Желі бойынша бөлшек саудадағы төмендетілген газдың бағасы бір жылда 9,1% өскен. Әсіресе, Астана (26,9%) мен Петропавл (21,7%) сынды ірі қалаларда баға қатты көтерілген. Астанада өткен жылы төмендетілген газдың 1 келісі 110 теңге болса, биыл 140 теңгеге жеткен. Петропавлда бұл көрсеткіш 151 теңгеден 183 теңгеге көтерілген.
Сондай-ақ, баллондардағы төмендетілген газдың құны өскенмен, 5,1% азырақ. Әсіресе бағаның өсімі Орал (25%) мен Астанада (18,2%) қатты білінеді. Өткен жылы Оралда 50 литр баллон 2,4 мың теңге болса, биыл 3 мың теңгеге, Астанада 2,3 мың теңгеден 2,7 теңгеге жеткен.
Дегенмен, елде табиғи газды өндіру көрсеткіші жоғарылаған. Алғашқы жартыжылдықтың қорытындысына сәйкес, газ өндіру көлемі 29,6 млрд текше метрге жеткен. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 8,3% жоғары.