Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Елімізде ұлттық валютамен ашылған депозиттер көбейді

Елімізде ұлттық валютамен ашылған депозиттер көбейді

Алматы. 28 ақпан. 7kun.kz – 2019 жылғы қаңтардың соңында резиденттердің депозиттік ұйымдардағы депозиттерінің көлемі алдыңғы аймен  салыстырғанда 3,7%-ке  ұлғая  отырып, 19 242,1 млрд теңгені  құрады. Бұл туралы ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметі хабарлады.

Заңды тұлғалардың депозиттері 10 717,4 млрд теңгеге дейін 8,3%-ке өсті, жеке тұлғалардың депозиттері 8 524,7 млрд теңгеге дейін 1,5%-ке  төмендеді.

Ұлттық валютамен депозиттердің көлемі бір айда 10 706,2  млрд теңгеге дейін 11,9%-ке өсті, шетел валютасында 8 535,9 млрд теңгеге дейін 5,0%-ке төмендеді. Долларлану деңгейі 2019 жылғы қаңтардың соңында 44,4%-ті (2018 жылғы желтоқсанда - 48,4%-ті) құрады.

Заңды тұлғалардың ұлттық валютамен депозиттері 2019 жылғы қаңтарда 6 095,6 млрд теңгеге дейін 21,5%-ке ұлғайды, шетел валютасында 4 621,8 млрд теңгеге дейін 15,3%-ке азайды (заңды тұлғалардың депозиттерінің 43,1%-і).

Жеке тұлғалардың теңгемен депозиттері 4 610,7 млрд теңгеге дейін 1,3%-ке ұлғайды, шетел валютасында 3 914,0 млрд теңгеге дейін 4,7%-ке азайды (жеке тұлғалардың депозиттерінің  45,9%-і).

Мерзімді депозиттердің көлемі бір айда 4,3%-ке қысқарып, 12 033,1 млрд теңгені құрады. Олардың құрылымындағы ұлттық валютамен салымдар 6 464,0 млрд теңгені, шетел валютасымен  – 5 569,1 млрд теңгені құрады.

Банктік емес заңды тұлғалардың ұлттық валютамен мерзімді депозиттері бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі 7,1%-ті (2018 жылғы желтоқсанда да 7,1 %), жеке тұлғалардың депозиттері бойынша  – 10,2%-ті (10,4%)құрады.

Похожие материалы