Алматы. 3 қаңтар. 7kun.kz – 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төменгі ынтымақты зейнетақы — 36 108 тг, ең төменгі базалық зейнетақы — 16 037 тг құрайды.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпаратына сәйкес, ынтымақты зейнетақы 7%-ға, базалық зейнетақы 5%-ға өсті.
Осылайша, міндетті зейнетақы аударымдарын енгізгенге дейін зейнеткерлік демалысқа шыққан ерлер мен әйелдер үшін 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төменгі зейнетақы 52 145 тг құрайды.
Сонымен қатар, ең төменгі күнкөріс деңгейінің ұлғаюына байланысты ең төменгі күнкөріс деңгейінің 54% тең БЖЗҚ-дан берілетін зейнетақы төлемдерінің ең төменгі мөлшері де өзгерді. 2019 жылы БЖЗҚ-дан төленетін зейнетақы төлемдерінің ең төменгі мөлшері — 16 037 тг құрайды.
Ең төменгі ынтымақты, базалық және жинақтауыш компоненттерді қосқанда, 68 182 теңгеге тең зейнетақы төлемдерінің ең төменгі жиынтық мөлшері шығады. 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап міндетті зейнетақы жарналары есебінен БЖЗҚ-дан төлем алуға құқығы бар азаматтар осындай ең төменгі зейнетақы ала бастады.