Алматы. 21 желтоқсан. 7kun.kz – Нарықта жаңа пәтерлердің бағасы тұрақталды. Бір жылда Қазақстандағы жаңа үйлердегі пәтердің бір шаршы метрі 5% (266 мың теңге) көтерілді. Сонымен қатар, осы мерзімде көпқабатты үйлердегі пәтерлер келісімшарты 13%, ал доллар бағамы 11% өскен, - деп хабарлайды Ranking.kz.
Статистика комитетінің мәліметінше, Қазақстанның ірі қалаларында бастапқы нарықта пәтер бағасы төмендегені байқалады.
Ақтауда 4,2%, Көкшетауда - 4,5%, ал Павлодар мен Петропавлда - 24% төмендеген. Бұл, сарапшылардың айтуынша, мемлекеттік бағдарлама бойынша бюджеттік үйлердің жаппай салынып жатуына байланысты.
«Негізгі бағыт төлеу қабілетінің мүмкіндігіне байланысты және жинақ арқылы ипотекалық құралдар арқылы беру жолдарына арналған. 2017 жылдың қазаны мен 2018 жылдың қазаны аралығында банктен қарыз алу бойынша үй иелену көрсеткіші 17,2% өскен (184,6 миллиард теңге), ипотекалық нарықтың белсенділігі барлық өңірде байқалады», - дейді сарапшылар.
Алматы облысында ипотекалық нарық бір жылда 42,5% өскен. Астана, Атырау және Батыс Қазақстанда 25% өсті.
Салынып жатқан үйлердегі салымшылардың несие кепілі Тұрғын үй құрылыс кепілдігі қоры аясында жүргізіледі.
Қордың кепілімен тұтынушы банктен максималды сома 50 миллион теңгені салынып жатқан үйден кепілсіз ала алады. Пәтеріңіздің болуы бұл бағдарламамен үй алуға кедергі келтірмейді.
11 айдың қорытындысы бойынша, қазақстандық үй салушы ұйымдар көпқабатты үйлерден 59,7 мың жаңа пәтерді пайдалануға берді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 2 мың пәтерге көп екен.
Сонымен қатар, көппәтерлі үйлердің аумағы 1,5% кішірейгені айтылады, бұл дегеніміз эконом санатындағы пәтерлердің көбейгенін білдіреді.