Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Елімізде жарты жылда 421 нысан жекешелендірілді

Елімізде жарты жылда 421 нысан жекешелендірілді

Алматы. 3 тамыз. 7kun.kz – Жекешелендірудің кешенді жоспарына енген нысандардың 421-і сатылды, деп хабарлайды ОКҚ баспасөз қызметі.

«Ағымдағы жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша, жекешелендірудің кешенді жоспарына енген 887 нысанның 502-сі сауда-саттыққа шығарылып, оның 421-і сатылды. Осы нысандардың құны 216 млрд теңгені құрады», - деді ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті төрағасының міндетін атқарушы Ғалымжан Ыбырайымов.

Оның ішінде 26 млрд теңгеге өткізілген 29 мүлік - республикалық меншік нысаны, 49 млрд теңгеге бағаланған 229 мүлік - коммуналдық меншік нысаны, 141 млрд теңге сомасындағы 163 ұлттық холдинг пен компания бар.

«Сонымен бірге, кешенді жоспардың 63 топ нысанының 15-сі  110,5 млрд теңгеге сатылды. Оның ішінде екеуі - республикалық меншіктің және 13-і - ұлттық холдингтердің меншігі болатын», - деді Ыбырайымов.

Оның айтуынша, биыл алғашқы жарты жылда 104  нысанды саудаға шығару жоспарланды. Іс жүзінде 89 нысан сауда-саттыққа шығарылып, 15 нысан бойынша қайта ұйымдастыру және тарату туралы шешім қабылданды. Саудаға қойылған нысандардың ішінде 39-ы 36 млрд теңгеге сатылды.

Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті басшысының айтуынша, жекешелендіру процесі сату кестесіне сәйкес жүргізілуде.

«Ағымдағы жылдың соңына дейін 87 нысан сауда-саттыққа шығарылады, оның ішінде республикалық меншіктегі 20 нысан мен коммуналдық меншіктегі 31 нысан, сондай-ақ квазимемлекеттік сектордағы 36 актив бар», - деп атап өтті ол.

Похожие материалы