Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Елімізде жеңіл көлік өндірісі артты

Елімізде жеңіл көлік өндірісі артты

Алматы. 19 ақпан. 7kun.kz – 2019 жылдың қаңтарында Қазақстанда автокөлік өндірісі 2018 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 52,9%-ке артты. Бұл туралы «ҚазАвтоӨнеркәсіп» автокөлік саласындағы кәсіпорындар одағы хабарлады.

Есепті кезеңде Қазақстанда шығарылған көліктердің жалпы құны 21 млрд теңгеге бағаланып отыр. Жалпы, жеңіл автомобиль өндіру 52,3%-ке өсіп, 3 109-ға жетті.

Қаңтарда отандық автозауыттар 2 389 көлікті өткізіп, бұл көрсеткіш былтырға қарағанда 79,4%-ке жоғары болды. Жергілікті өндірістегі автомобильдерді сатып алуға тұрғындар 15,8 млрд теңге жұмсады.

Аталған мерзімде Қазақстанда құрастырылған жеңіл көліктердің арасында сұранысқа ие брендтердің бестігіне Lada (1 013 көлік), Hyundai (790), KIA (320), Chevrolet (71) және Skoda (47) енді. Отандық кәсіпорындар ұсынатын маркалардың тізімінде JAC (17) и Peugeot (2) бар екенін атап өткен жөн.

Похожие материалы