Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Еліміздегі ауыл шаруашылық тауарларының өндірісі 2 пайызға артты

Еліміздегі ауыл шаруашылық тауарларының өндірісі 2 пайызға артты

Қазақстандық ауыл шаруашылық тауарларының өндірісі 2015 жылдың қаңтар-ақпан айларында 156,248 млрд теңгені құрады, өткен жылдың қаңтар-ақпан айларымен салыстырғанда 2,4% көп деп хабарлайды Экономика министрлігінің статистика комитеті.

149,708 млрд теңгеге мал шаруашылық өнімдері (2,5%-ға артты), 6,5 млрд теңгеге егін шаруашылық өнімдері өндірілген.

1 наурыздағы есептеу бойынша, ірі қара малдың саны 6,363 млн басқа дейін көбейді, 2014 жылдың көрсеткішімен салыстырғанда 3%-ға артық.

Ешкі саны 2,520 млн-ға дейін өсіп, 1,3%, жылқы 1,887 млн-ға дейін өсіп, 9%, қой 16,148 млн-ға дейін өсіп, 2,2%-ға артқан.

 

Похожие материалы