Алматы. 13 маусым. 7kun.kz – 2019 жылдың қаңтар-мамыр айларында байланыс кәсіпорындары 317,4 млрд теңге табыс тапты. Бұл 2018 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,2% артық.
Атап айтар болсақ, жергілікті телефон байланысы қызметтері – 15,5 млрд теңге (7,2%-ға кем), интернетке қолжетімділікті ұсыну – 113,8 млрд теңге (11,7%-ға артық), ал ұялы байланыс қызметтері – 86,9 млрд теңге (6,6%-ға артық) болды.
Қызметтердің жалпы көлеміндегі ең көп үлесі кең жолақты интернетке (35,8%) және ұтқыр байланысқа (27,5%) тиесілі. Ал, өзге де телекоммуникациялық қызметтер кірістердің 17,8%-ын, жергілікті телефон байланысының жұмысы – 5%-ын, кабельдік инфрақұрылым және сымсыз желілер бойынша бағдарламаларды тарату бойынша қызметтер – 4,6%-ды құрады.
Мамыр айында тіркелген телефон желісі абоненттерінің саны 3,3 млн – ға жуық, ұялы байланыс абоненттерінің саны 25,5 млн – ға жуық, интернетке қолжетімділігі бар абоненттердің саны 14,4 млн – ға жуық, тіркелген интернет абоненттерінің саны 2,5 млн-нан астам бірлікті құрады.