Алматы. 10 шілде. 7kun.kz – Қазақстанда еңбекақы қалыпты қарқынмен өсуде, - деп мәлімдеді ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов.
Министрдің дерегінше, жоғары өндірістік белсенділік еңбек нарығының көрсеткіштеріне оң әсер етті. Ағымдағы жылдың басынан бері 178,7 мың адам жұмысқа орналастырылды. Ағымдағы жылғы мамырда жұмыссыздық деңгейі өзгеріссіз қалды және 4,9 пайызды құрады.
«Еңбекақы қалыпты қарқынмен өсуде. Ағымдағы жылғы қаңтар-мамырда орташа айлық еңбекақы 152,8 мың теңгені құрады және нақты мәнінде 0,8 пайызға өсті. Ағымдағы жылдың қаңтар-сәуірінде нақты ақшалай кірістер 1,2 артты өсті», - деді Тимур Сүлейменов.