Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Елімізде ең алғаш пайда болған банктер

Елімізде ең алғаш пайда болған банктер
Қазақстандық банк жүйесінің тарихы ұзақ жылдарды құрайды. Осы уақыт аралығында экономикалық дағдарыстарды бастан кешірген ірі алпауыттар да пайда болып үлгерді. Олардың көпшілігі 2017 жылы өзінің 25 жылдықтарын атап өтеді. Кейбірі акционерлері мен атауын, стратегиясын өзгерткенімен, қазақстандық банк секторындағы ұзақ өмір сүрушілер деп аталуға құқықтары бар. 7kun.kz  Капитал жариялаған еліміздегі ең көне банктердің тізімін ұсынады. Тізімді нарықта 90 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан Халық банкі бастайды. Ол Жинақ банкінің негізінде құрылып, 2001 жылы жекешелендіруге шығарылды. Осы жылдың қыркүйегінде 28 жылдығын атап өтетін ЦентрКредит Банкі де осы тізімде. Бүгінде банк активтер көлемі бойынша 5-орын иеленеді. 3-орында актив бойынша көшбасшы - Қазкоммерцбанк. Алғашқыда бұл қаржы институты жұмысын Медеу Банк деген атаумен бастаған еді. 1991 жылдың қаңтарында Kaspi bank құрылды. Ол кезде халықаралық "Аль Барак Қазақстан" деп аталған еді, кейінірек ерікті түрде "Каспий Банкі" ЖАҚ мен "Қаздорбанк" ААҚ біріктірілді. 1997-2008 жылдар аралығында банк "Каспийский" деп аталды. 2008 жылы ребрендинг жүргізіліп, Kaspi bank деп өзгертілді. Актив көлемі бойынша 6-орында. Бестікті актив бойынша 34-орындағы Заман банк иеленеді. Ол 1991 жылы жеке Заман банкі ретінде пайда болды, қазір жергілікті банкке айналды. Bank RBK 1992 жылдан бері бар, алғашында "Мекен" банк деп аталып, 1996 жылы Алаш-Банк деп өзгертілді. 2005-2011 жылдар аралығында қаржы институты "Қазақстандық Инновациялық Коммерциялық Банк" (ҚазИнКомБанк") атауымен жұмыс істеді. 2011 жылы жаңа акционерлер сатып алғаннан кейін «Bank RBK» АҚ деп өзгертілді. Айта кетейік, банк актив көлемі бойынша алғашқы ондықтың құрамына кіреді. 1992 жылы бірнеше қаржы институттарының негізі қаланды. Олардың арасында: Нұрбанк (актив бойынша 14-орын, Атырауда негізі қаланды), AsiaCredit Bank (18-орын, осыған дейін - Лариба банк), Capital Bank (24-орын, осыған дейін-Таиь Қазақ банк), Tengri Bank (29-орын, Данабанк және Punjab National Bank Казахстан) бар. Шетелдік банктер 1993-1994 жылдары ашыла бастады. Дәл осы аралықта банктер өкілдіктерін ашып, кейінірек лицензия алды. 10 1

Похожие материалы