Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Еліміздегі халық саны 18 253,3 мың адам

Еліміздегі халық саны 18 253,3 мың адам

Алматы. 16 шілде. 7kun.kz – 2018 жылғы 1 маусымда еліміздегі халық саны 18 253,3 мың адамды құрады, соның ішінде қалалықтар – 10 514,3 мың (57,6%), ауылдықтар – 7 739,0 мың адамды (42,4%) құрады. 2017 жылғы 1 маусыммен салыстырғанда халық саны 239,1 мың адамға немесе 1,3% өсті, деп хабарлайды ҚР Ұлттық экономика министрлігінің статистика комитеті.

АХАТ органдары ұсынған азаматтық хал актілері жазбаларындағы мәліметтерді өңдеу нәтижесінде, 2018 жылғы қаңтар-мамырда туылғандар саны 159,9 мың адамды құрады, бұл 2017 жылғы қаңтар-мамырға қарағанда 2,9% көп. Туудың жалпы коэффициенті 1000 адамға 21,15 туылғандарды құрады.

2018 жылғы қаңтар-мамырда республика халқының табиғи өсімі 2017 жылғы қаңтар-мамырмен салыстырғанда 3,8 мың адамға немесе 3,8% көбейіп, 103,5 мың адамды құрады. Табиғи өсімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға шаққанда 13,69 адамды құрады.

Похожие материалы