Алматы. 17 қыркүйек. 7kun.kz – 2019 жылдың қаңтар-тамыз айларында байланыс кәсіпорындары 520 млрд теңге табыс тапты. Бұл 2018 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,4%-ға артық.
Атап айтар болсақ, жергілікті телефон байланысы қызметтері – 24,6 млрд теңге (7,3%-ға кем), интернетке қолжетімділікті ұсыну – 185,2 млрд теңге (12,8%-ға артық), ал ұялы байланыс қызметтері – 144,4 млрд теңге (1,8%-ға кем) табыс тапты.
Қызметтердің жалпы көлеміндегі ең көп үлесі кең жолақты интернетке (35,6%) және ұтқыр байланысқа (27,9%) тиесілі. Ал, өзге де телекоммуникациялық қызметтер кірістердің 18%-ын, жергілікті телефон байланысының жұмысы – 4,7%-ын, кабельдік инфрақұрылым және сымсыз желілер бойынша бағдарламаларды тарату бойынша қызметтер – 4,6%-ын құрады.
Тамыз айында тіркелген телефон желісі абоненттерінің саны 3,2 млн – ға жуық, ұялы байланыс абоненттерінің саны 25,8 млн-ға жуық, интернетке қолжетімділігі бар абоненттердің саны шамамен 15 млн, тіркелген интернет абоненттерінің саны 2,5 млн-нан астам бірлікті құрады.