Алматы. 2 шілде. 7kun.kz — Нұр-Сұлтан қаласында 2 маусымнан бастап «ASTANA ART SHOW-2019» заманауи өнердің үлкен фестивалі өтіп жатыр. Шара 30-шы тамызға дейін жалғасады.
Іс-шараға әлемнің 20 елінен келген заманауи өнер жұлдыздары - 70-ге жуық суретшілер қатысады. Фестивальді Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі «Artios» ЖШС-мен бірлесіп ұйымдастырды.
Экспозициялар Тәуелсіздік сарайында, Бейбітшілік және Келісім сарайы, TSE Art Destination галереясында және В. Кубриннің үйінде өтіп жатыр. Сонымен қатар, бірнеше өнер объектілері Нұр-Сұлтанның қалалық кеңістігін безендіреді.
Айта кетейік, Astana Art Show аясында «Алғашқы байланыс» жастар көрмесі, «Естеліктер. Өткенмен сырласу» халықаралық көрмесі ашылды, ал 3 шілдеде «Racing the Galaxy» халықаралық көрмесі ашылады.
Бұл ретте «Алғашқы байланыс» жастар көрмесі 2 маусымда басталған. Көрмеде әр түрлі жанрда - кескіндеме, дыбыстық қондырғылар, голограммалар, виртуалды шындықтағы туындыларын жасайтын 22 жас қазақстандық суретшінің шығармалары ұсынылған.
Ал, «Бірінші байланыс» жастар көрмесі 10 тамызға дейін жалғасады. Көрмеде 22 қазақстандық суретшінің арт-резиденция аясында жасалған жұмыстары көрсетіледі.
Сондай-ақ, 25 маусымда «Естеліктер. Өткенмен сырласу» саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алуға арналған халықаралық көрмесі ашылды. Көрмеге 6 елден 29 суретші қатысты. Көрме Василий Кубриннің үйінде, сондай-ақ TSE Art Destination галереясында өтіп жатыр.
«Racing the Galaxy» халықаралық көрмесі Елорда күні қарсаңында - 3 шілдеде ашылады және 30 тамызға дейін жалғасады. «Racing the Galaxy» халықаралық көрмесінде Michelangelo Pistoletto (Италия), Leandro Erlich (Аргентина), Joel Andrianomearisoa (Мадагаскар), :mentalKLINIK (Түркия), Асхат Ахмедияров (Қазақстан) сияқты танымал қазақстандық және шетелдік суретшілердің шығармалары ұсынылады.
Аталған жобаның кураторлары ARTIOS және TSE Art Destination негізін қалаушы Дина Байтасова және әлемге әйгілі француз кураторы және халықаралық көркемдік жетекшісі Jérôme Sans (Джером Санс) болады.
Айта кетейік, "ASTANA ART SHOW - 2019" көркем экспозициялармен қатар, өткізілетін шеберлік сабақтарын, семинарларды, ашық дәрістерді, отбасылық сапарларды қамтиды.