Алматы. 12 желтоқсан. 7kun.kz — Қазақстанда 2,5 млрд теңгенің зергерлік фабрикасы салынады.
«Астана - Технополис» АЭА басқарушы компаниясының хабарлауынша, нысан олардың аумағында іске қосылады.
"Жобаның құны бастапқы кезеңде 2,5 млрд теңгеге бағаланады. Оның инвесторлары "LUCA (jewellery company LUCA) зергерлік компаниясында" тең үлеспен Қазақстан резиденттері болып табылады", – деп түсіндірді мекемеде.
Жаңа кәсіпорын жер учаскесі бөлінген сәттен бастап төрт ай ішінде іске қосылады. 50 кг қымбат металдарды өңдеу кезінде 62 адам жұмыспен қамтамасыз етіледі деп күтіліп отыр. Сонымен қатар, фабрика айына 200 кг металдың жобалық қуатына шыққан кезде 207 жұмыс орны ашылады.
Дайын өнімді АҚШ, Беларусь, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түркменияға экспорттауды жоспарлап отыр.
"Отандық өндіріс өнімдерін үшінші елдердің нарықтарына жылжытуда құрылатын Еуразиялық зергерлік бюро мүмкіндіктерін пайдалану көзделіп отыр", – деп атап өтті АЭА-да.
Бұдан басқа, фабриканы толық қуаттылыққа қосу есебінен импорт алмастыру 20%-дан кем болмайды деп жоспарланып отыр.