Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Эльвира Набиуллина әлемдегі ең мықты Орталық банк басшысы атанды

Эльвира Набиуллина әлемдегі ең мықты Орталық банк басшысы атанды

Ресей Орталық банкінің төрағасы Эльвира Набиуллина Euromoney журналының нұсқасы бойынша әлемдегі ең мықты орталық банк басшысы атанды. Бұл туралы Lenta.ru хабарлайды.

Euromoney журналының мәліметінше Э.Набиуллина Ресейдегі "экономикалық дауылға" қарсы тұрды. Мемлекет санкция қысымында қалып, мұнай бағасы құлдырағанда, Ресей ОБ тәуекел жасап, рубль курсын тұрақтандыру үшін негізгі мөлшерлемені 17 %-ға өсірді. Еске салайық, 2014 жылдың 16 желтоқсанында ОБ директорлар кеңесі рублдің төмендеуі мен инфляцияның тез өрістеуіне байланысты негізгі мөлшерлемені 10,5%-дан 17%-ға көтеру туралы шешім қабылдаған еді. Орталық банк шешіміне  Ресейдің бұрынғы қаржы министрі Алексей Кудрин мен қаржы омбудсмені Павел Медведев қолдау білдірді. Нәтижесінде шетел валютасы төмендеп, 2015 жылдың қаңтарында доллар бағамы - 65 рубль, еуро - 74 рубль болды. 2014 жылы Euromoney Орталық банктің ең үздік басшысы деп үнділік Рагураму Раджануды мойындаған(Raghuram Rajan). 2010 жылы басылым ең үздік қаржы министрі деп Алексей Кудринді таныды.

Похожие материалы