Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

"Ембімұнайгаз" екі жылда өндіретін мұнай көлемін 5 млн тоннаға көбейтеді

"Ембімұнайгаз" екі жылда өндіретін мұнай көлемін 5 млн тоннаға көбейтеді

Атырау. 18 шілде. 7kun.kz - Атырау облысындағы бірқатар кен орындарында өңдеу жұмыстарын жүргізіп жүрген «Ембімұнайгаз» АҚ мұнайшылары 2015 жылы 150 шаршы шақырым жерге сейсмобарлау жұмыстарын жүргізуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Қазақпарат.

«Бұл жұмыстарға ағымдағы жылы 659 млн. теңге жұмсалады. Ал 2016 жылы сейсмобарлау жұмыстарының көлемі артып, 500 шақырым деңгейге жетеді», - деді «Ембімұнайгаз» АҚ бас директоры Құрманғазы Есқазиев.

Әлемдік нарықта мұнай бағасының ауытқып тұрғанына қарамастан, «Ембімұнайгаз» АҚ іздеу-барлау жұмыстарын жүргізіп жатыр. Биылғы жылы тереңдігі 10 700 метр болатын 5 ұңғыма бұрғыланады. Бұған 3 998,5 млн теңге бөлінді. 2016 жылы  барлау-бұрғылау жұмыстарының көлемі артады. Тереңдігі 24 110 метр болатын 14 ұңғыманы бұрғылау жоспарланып отыр.

2015-2016 жылдар аралығында мұнай қоры 5 млн тоннаға артады деп болжанып отыр.

Похожие материалы