Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Емханалар электронды форматқа көшеді

Емханалар электронды форматқа көшеді

Алматы. 24 Наурыз. 7kun.kz - Жыл соңына дейін елорда емханалары толығымен электронды форматқа көшеді. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов мәлімдеді.

«Біздің жүйеде реттелетін жұмыс тым көп. Біз қағазбастылықтан мүлде бас тартқымыз келеді. Бірақ оны бір-екі жерде емес, республиканың барлық аймағында бір уақытта жүзеге асыруымыз керек. Себебі біреулері қағазбен, басқалары электронды түрде жұмыс істесе, онда түсініспеушілік басталады. Қазірдің өзінде бір емхана электронды жүйеде жұмыс істесе, біз олардан қосымша жазбашасын талап етеміз. Өйткені олар прокурорлық және тағы басқа тексеру кезінде қажет болады», – деп атап өтті министр.

Біртановтың айтуынша, бүгінгі күні көптеген емхана қағазбастылықтан бас тартуға дайын. Тек жүйені біраз жетілдіру керек. Қағазбастылық енді керек емес, себебі электронды сырқатнама бір рет қабылданып, одан барлық қажетті ақпарат алынады. «Біз жыл соңына дейін Астана қаласын қағазбастылықтан арылтып, қаланы электронды форматқа көшіргіміз келеді. Әсет Исекешевпен келістік, олар өз емханаларын дайындап қояды. Сөйтіп 1 қаңтарға дейін елорданы толығымен электронды форматқа көшіруді көздеп отырмыз. Себебі медицина қызметкерлері не жазуы керек, не компьютермен басуы керек. Бұл бір жұмысты екі рет қайталап істемеу үшін қажет», – дейді Елжан Біртанов.

Айта кетейік, бірнеше жылдан бері еліміздегі медициналық ұйымдар бірыңғай электронды жүйемен біртіндеп қамтылып келеді. Сондай-ақ медициналық сақтандыру жүйесі енгеннен кейін, құжаттата электронды түрде болады.

Похожие материалы