
Алматы. 14 маусым. 7kun.kz – Үй шаруашылықтарын іріктемелі зерттеу бойынша табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен халықтың үлесі (кедейлік деңгейі), 2019 жылғы I тоқсанда 4,1%-ды құрады, бұл өткен жылғы тиісті кезеңмен сәйкес келді. Бұл туралы ҰЭМ Статистика комитеті хабарлады.
Ағымдағы жылғы I тоқсанда кедейлік деңгейінің ең үлкен мәні Түркістан (10%), Жамбыл (5,4%) және Қызылорда (5%) облыстарында байқалды, ал ең төмені – Нұр-Сұлтан (0,5%) қаласында тіркелді.
Децильдік бөлудегі үй шаруашылықтарының шығыстары табыстар сияқты айтарлықтай саралануды көрсетеді. Сонымен, 2019 жылғы I тоқсанда азық-түлік тауарларына жұмсаған шығыстарда 10% ең аз және 10% ең көп қамтамасыз етілген халықтың арасындағы айырмашылық 4,9 есені, азық-түлік емес тауарларға – 7,4 есені, ал ақылы көрсетілетін қызметтерге – 7 есені құрады.