Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы 1 айда 1,6%-ға төмендеді

Ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы 1 айда 1,6%-ға төмендеді

Алматы. 3 қазан. 7kun.kz – 2018 жылғы қыркүйекте ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы 28 690 теңгені құрады, деп хабарлайды ҚР ҰЭМ Статистика комитеті.

Ведомство мәліметінше, негізгі тамақ өнімдерін тұтынудың ең төменгі нормаларынан есептелген орта есеппен халықтың жан басына шаққандағы ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы 2018 жылғы қыркүйекте өткен аймен салыстырғанда 1,6%-ға төмендеді, ал 2017 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 12,1%-ға жоғарылады. Оның құрылымында ет пен балықты сатып алуға жұмсалған шығыстардың үлесі - 18,6 сүт, тоң май өнімдері мен жұмыртқаға - 14,3 жемістер мен көкөністерге - 13,3 нан және жарма өнімдеріне - 6,8 қант, шай және дәмдеуіштерге 2% болды.

Қыркүйектегі орта есеппен халықтың жан басына шаққандағы күнкөріс деңгейі 29690 теңгені құраса оның 15780 теңгесі азық-түлікке, ал 12910 теңгесі азық-түлік емес тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге жұмсалған. Ал 0-13 жастағы балалар үшін ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасы 25565 теңге болды. Аталған соманың 14060 теңгесі азық-түлікке, ал 11505 теңгесі азық-түлік емес тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге жаратылады. 14-17 жастағы жасөспірімдердің айлық ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасы біршама жоғары, жігіттерге 35702 теңгені, ал қыздарға 27356 теңгені құраса, 18 жастан еңбекке қабілетті ерлерде 33634 теңге, әйелдерде 26683 теңге  болып отыр. Зейнеткерлер мен қарт адамдардың ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасы 269508 теңгені құраған.

Похожие материалы