
Алматы. 2 қыркүйек. 7kun.kz – Қазақстанда 2019 жылғы тамызда шілдемен салыстырғанда ең төменгі күнкөріс деңгейі 8%-ға (2,3 мың теңге) артып, шамамен 32 мың теңгені құрады.
Жыл басынан бері бұл көрсеткіш 21%-ға өсті.
Айта кету керек, тамызда азық-түлікке 17,6 мың теңге, азық-түлік емес тауарлар мен ақылы қызметтерге 14,4 мың теңге бөлінді.
Ең жоғары күнкөріс деңгейі Маңғыстау облысында (39,4 мың теңге), Нұр-Сұлтанда (37,6 мың теңге) және Алматыда (35,2 мың теңге), ал ең төменгі күнкөріс деңгейі Павлодар (28,5 мың теңге) және Жамбыл облысында (29,1 мың теңге) тіркелді.