
Алматы. 30 қазан. 7kun.kz — Қазақстанда 2019 жылғы қазанда қыркүйекпен салыстырғанда ең төменгі күнкөріс деңгейі 1,3%-ға (417 теңге) өсіп, 32,2 мың теңгені құрады.
Жыл басынан бері бұл көрсеткіш 21,7%-ға өсті, деп статистикалық мәліметтер куәландырады.
Айта кетейік, қазан айында азық-түлік тауарларына 17,7 мың теңге, ал азық-түлікке жатпайтын тауарлар мен ақылы қызметтерге 14,5 мың теңге бөлінді.
Ең жоғары күнкөріс деңгейі Маңғыстау облысында (39,5 мың теңге), Нұр-Сұлтанда (37,2 мың теңге) және Алматыда (35,4 мың теңге), ал ең төмен күнкөріс деңгейі Павлодар облысында (28,3 мың теңге) және БҚО-да (28,9 мың теңге) тіркелді.