Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Ең үздік смартфон анықталды

Ең үздік смартфон анықталды

Алматы. 22 сәуір. 7kun.kz – Business Insider басылымы үздік смартфондар рейтингін жариялады.

Бірінші орында — қытайлық OnePlus 6T. Бұл гаджетте сымсыз зарядтау немесе су өткізбейтін сияқты ең заманауи опциялардың жиынтығы болмаса да, ол құны мен лайықты функционалдылық есебінен ұтады.

Екінші орында — Samsung компаниясының Galaxy S10e тұр. Құрылғының керемет экраны, тамаша камерасы, сондай-ақ ақылға қонымды бағасы бар.

Үшінші орында — iPhone XR. Business Insider мәліметтері бойынша, бұл смартфон ескі Apple модельдеріне қарағанда арзан бағаға ие.

Сондай-ақ, ең үздік телефондар ондығына Samsung Galaxy — S10 Plus және S10, Google Pixel 3 және Pixel 3 XL, Samsung Galaxy Note 9, iPhone XS және iPhone XS Max, Samsung Galaxy S9 Plus және iPhone X кірді.

Похожие материалы