Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Ең жоғарғы жалақы қай өңірде?

Ең жоғарғы жалақы қай өңірде?

Алматы. 9 қараша. 7kun.kz – 2018 жылғы ІІІ тоқсанда бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 161 783 теңгені құрады. Атаулы жалақы индексі өткен жылғы тиісті тоқсанға 109,3%, ал нақты жалақы индексі 103,1%-ды құрды, - деп хабарлайды ҰЭМ Статистика комитеті.

Салалық құрылымда ең жоғары атаулы жалақы қаржы және сақтандыру қызметінде – 317,4 мың теңге  (орташа республикалық деңгейден 2,0 есеге асады), кәсіби, ғылыми және техникалық қызметте – 290,2 мың теңге (1,8 есеге), өнеркәсіп саласында – 232,2 мың теңге (1,4 есеге), құрылыс саласында – 229,2 мың теңге (1,4 есеге), ақпарат және байланыс саласында – 224,9 мың теңге (1,4 есеге) белгіленді. Ең төменгі атаулы жалақы ауыл, орман және балық шаруашылығы қызметкерлерінде белгіленді – 106,4 мың теңге, бұл республика бойынша орташа көрсеткіштен 34,2%-ға төмен.

Өңірлік бөліністе ең жоғары жалақы Атырау облысында белгіленді – 310,6 мың теңге, бұл орташа республикалық көрсеткіштен 1,9 есеге асады. Түркістан облысында оның шамасы 98,8 мың теңгені құрады, бұл ел бойынша орташа деңгейден 38,9%-ға төмен.

Похожие материалы