Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Ең жоғарғы жалақы қай өңірде?

Ең жоғарғы жалақы қай өңірде?

Алматы. 20 желтоқсан. 7kun.kz – 2018 жылдың үшінші тоқсанында бір жұмысшының орташа айлық атаулы жалақысы  161 783 теңгені (өткен тоқсандыққа 99,4%, өткен жылдың тоқсанына сәйкес 109,3 ) құрады, - деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.

ҚР Ұлттық экономика министрлігінің сатистика комитетінің мәліметі бойынша, 2018 жылдың үшінші тоқсанында атаулы жалақының индексі өткен жылдың осы тоқсанымен салыстырғанда 109,3%,  нақты – 103,1%  құрады.

2018 жылдың үшінші тоқсанында кәсіпорындар мен ұйымдардың жұмысшылар тізім саны (кәсіпкерлікпен айналысып жүрген шағын кәсіпорындарды есепке алмағанда)   3755,5 мың адамды құрады, нақтырақ айтқанда  - 3543 мың адам.

Аймақтар бойынша қарастыратын болсақ, көбірек жалақы алатын облыстар қатарында Атырау – 310 568 теңге, Маңғыстау - 273 160 теңге, Астана қаласы –  240 683 теңге.

Алматыда орташа жалақы көлемі 197 736 теңгені, БҚО -155 796 тг, Қарағанды облысы-146 324, Павлодар -139 015,  Ақтөбе облысы - 137 526, ШҚО  -135 841, Қызылорда облысы -132 829,  Қостанай өңірінде - 125 522, Ақмола облысы- 121 358, Шымкент қаласында - 113 716, Алматы облысы -113 660, Жамбыл облысы -110 988, СҚО - 110 853, Түркістан облысы -  98 834 теңгені құрайды.

Похожие материалы